Абай облысынағы Аягөз ауданында жылу өшіп қалды. 16 қазан күні сағат 15:00-де Аягөздегі жылумен жабдықтау желісінде апат болды. Д159 ысырмасы істен шыққан. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ақау сағат 16.00-де толықтай жойылған.
Айта кетейік, Аягөз ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар 5 қазанда орталықтандырылған жылумен жабдықталды. Тұрғын үйлер жылуға 15 қазанда қосылды.
Пікірлер