«Қазақстанда бірегейлік мәселесін қалай талқылауға болады?» тақырыбындағы шығармашылық шеберханаға қатысу үшін байқау жарияланды. Байқауға Ақтөбе, Астана, Өскемен, Шымкент, Алматы тұрғындары қатыса алады.
- Тәжірибелі және тәжірибесі аз жазушылардың, заманауи суретшілердің, зерттеушілердің, журналистердің, блогерлердің, шығармашылық контент жасаушылардың өтінімдерін күтеміз. Өтінім берген сәтте үміткер 18 жасқа толған адам болуы керек. Өтінімдер 1 қарашаға дейін identitykazakhstan@gmail.com электронды мекенжайына қабылданады. Шеберхана қазақ және орыс тілдерінде өтеді, - дейді ұйымдастырушылар.
Байқау шарттары:
1. Өзі туралы қысқаша ақпарат
2. 3000 баспа белгіден аспайтын эссе жазып жіберу.
3. Өтінімдерді 1 қарашаға дейін identitykazakhstan@gmail.com электронды мекенжайына жіберу.
Эссе тақырыптары:
1) Біздің ертеңгі бірегейлігіміз (идентичность) - қазақ боламыз ба, қазақстандық боламыз ба?
2) Қазақстандық автор ретінде әлемге не айта аламын?
3) Қазақстандағы орыс тілі - сұрақтар мен жауаптар
4) Қазақстандағы тілдердің болашағы
5) Бірегейлік (идентичность) мәселесі мен үшін маңызды емес.
Іріктеуден өткендер Юрий Серебрянскийдің екі күндік Creative Writing семинарына қатысады, ал жұмыстары эсселер жинағында жарияланады. Қатысу форматы – оффлайн.
Юрий Серебрянскийп - поляк тектес белгілі қазақстандық жазушы әрі мәдениеттанушы, PhD candidate. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Алтын қалам» ұлттық әдеби жүлдесінің, халықаралық әдеби сыйлықтардың иегері, Қазақстан, Польша, АҚШ елдеріндегі университеттерде Creative writing курсын жүргізген. Қазақстандық жазушылардың сәйкестілігі туралы эсселерді қамтитын «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет жайлы» кітабының авторы. Бұл еңбек 2020 жылы Қазақстанның 30 маңызды кітабының тізіміне енгізіліп, мемлекеттік кітапханаларға ұсынылды.
Пікірлер