2015 жылдан бастап Рахметқалиева Гүлдана Казезқызы 27943 әскери бөлімінің кітапханасында адал еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталуына ғана жауап бермей, әскериқызметшілер үшін нағыз тәлімгер бола білді. Ооларға кәсіби ғана емес, рухани жағынан да дамуға көмектесті.
Кітапхана қорында 1500 кітап бар. Оның ішінде әскери тарих пен тактикадан бастап классикалық әдеб шығармаларға дейін әртүрлі тақырыптағы кітаптарды табуға болады. Алайда Гүлдана Казезқызының өзі атап өткендей, кітапхана тек кітаптардың арқасында ғана емес, мерзімді басылымдардың келуімен де оқырмандар үшін қызық.
"Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" жәнеде “ Сарбаз” газеттері мен "Айбын" журналы сияқты маңызды басылымдар уақтылы келіп түседі. Бұл дереккөздер елдегі және әлемдегі өзекті оқиғаларды баяндайды және әскерилерге жаңалықтар мен аналитикалық материалдардан хабардар болуға мүмкіндік береді. Гүлдана Казезқызы барлық басылымдардың әскери қызметшілер үшін қажетті уақытта қолжетімді болуын жеке өзі қадағалайды.
Гүлдана Казезқызы жас әскерилердің рухани дамуына ерекше мән береді. Ол оқу тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар ой-өрісті кеңейту, ойлауды дамыту және рухани құндылықтарды нығайту тәсілі екенін түсінеді. Оның күш-жігерінің арқасында кітапхана әскери бөлімнің мәдени орталығына айналды, онда әркім өзіне бір керегін таба алады.
Рахметқалиева Гүлдана Казезқызының жұмысы - бұл күнделікті міндеттерді орындау ғана емес, бұл білім мен мәдениетке қызмет ету. Оның әскери бөлімдегі кітапхана ісінің дамуына қосқан үлесін «баға жетпес» деп бағалауға болады.
Пікірлер