A+ A A-

talgatzhan 44 28-10-2024, 14:50 0

«Барселона» қайта оралды

Өзге / Бүгін / Спорт

Күні кеше әлемге әйгілі бірнеше үздік футболшыл доп тепкен «Барселона» футбол клубы өз алаңында да, қонақта да әдемі ойын өрнегін көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алдымен өз алаңында «Баварияны»  қабылдаған болатын. Осы уақытқа дейінгі «Бавариямен» кездесуде испаниялық ұжымның жолы болмай, тек жеңіліске ұшырап келген. Бірақ қазанның 24-і күні болған кездесуде алаң иелері неміс мәшинесін 4-1 есебімен жеңіп сенсация жасады. Каталондықтардың капитаны Рафинья немістер қақпасына алғашқы голды есептің алғашқы минутында салып, қалың көрерменге керемет эмоция сыйлады. Айта кетейік, Рафинья 3 гол соғып хет-трик жасаса, «Баварияның» экс ойыншысы, Польша шабуылшысы Роберт Левандовский бұрынғы клубына гол салды. Футбол салты бойынша тойламай, жәй ғана кешірім сұрап, respect көрсетті. «Бавариядан» жалғыз голдың авторы Харри Кейн 18-ші минутта керемет пасты сәтті пайдаланып, «Барселона» қақпасына жалғыз голды енгізді. Айта кету керек, Харридің 10 минутта да осындай сәтті пасты голға айналдыруға мүмкіндігі әбден болды. Бірақ Var жүйесімен тексерілген күмәнді голды төрешілер оффсайд деп санады. Осы тұста марқұм Амангелді Сейітханның ізін жалғаушы ұлы Бекасыл Сейітханмен сұхбаттасып, ойын турлы пікірін сұрадық;
- Иә, мен «Барселонаның» күш жинап, бұрынғы қарқынына басқанына өте қуаныштымын. Өзім «Ливерпуль» жанкүйері болсам да, «Барселонаның» осындай ойынын сағындық. «Бавария» ұтылады деп өзім де іштей болжаған едім. Себебі, «Барселона» өз алаңында ойын көрсетті. Рафинья қалай керемет ойнады?! «Барсаның» барлық ойыншысы да жеңіске лайық өнер көрсетті. Олар Чемпиондар лигасын ұтып кетсе ғажап емес, - деді ол сөз соңында.
Айта кету керек, «Барселонадан» бөлек, Чемпиондар лигасында фаворит команда көп. Оның бірі - кеше «Боррусия Дортмундқа» камбэк жасаған мадридтік «Реал». Дегенмен эль-классико аясындағы кездесуде де, Рафинья бастаған жігіттер Мбаппе, Винисиустар ойнайтын клубты 4:0 есебімен тас-талқан етті.
Алмас Келесбай (Фотосурет ашық дереккөзден)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив