A+ A A-

talgatzhan 7 29-10-2024, 09:30 0

Семейде Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған шетелдік анықталды

Өзге / Бүгін

Соған сәйкес, ер адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы бойынша 369 200 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Абай облысы полиция департаментінің ақпаратынша, 46 жастағы шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылғанына қарамастан, мемлекеттік баж салығын төлеу үшін Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған.
- Оның Қазақстандық жеке куәлігі тәркіленді, ал құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 369 200 теңге айыппұл салынды. Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Ал тұрғындар шетел азаматтығын алған жағдайда, бұл туралы 30 күн ішінде хабарлауы тиіс, - делінген ақпаратта.

Фотосурет Turkystan.kz 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив