A+ A A-

admin 20 5-11-2024, 09:30 0

Ақшаны жылыстатуға қарсы жүйе мамандарын дайындау семинары басталды

Өзге

Алматыда Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің бағалаушыларына арналған семинар басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайты ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шараны ЕАТ Хатшылығы Қаржылық мониторинг агенттігімен және ХҚМОӘО-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарға ЕАТ-қа мүше Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан сияқты елдердің 50-ге жуық өкілдері, сондай-ақ MONEYVAL тобының мүшелері Әзірбайжан мен Сербия сарапшылары қатысуда.
Қатысушылар апта бойы өзара бағалауды жүргізудің негізгі критерийлері туралы айтып, ФАТФ ұсынымдарына техникалық сәйкестікті және АЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ  ұлттық жүйелерінің тиімділігін бағалау әдістемесін, сондай-ақ Өзара бағалаудың 3-ші раундын өткізуге арналған ЕАТ рәсімдерін зерттейді.
Семинарды аяқтағаннан кейін ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының өкілдері Өзара бағалауды жүргізу рәсімдері мен Әдістемесі туралы қажетті білім алады және сарапшылар пулына енгізіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив