Еліміздің 12 өңірінде жылыту маусымы аяқталып қалды. Қазіргі кезде жылу беру механизмдері тоқтатылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.
Ауа райына байланысты оңтүстік, шығыс өңірлерде жылыту маусымы тоқтатылды. Ал солтүстік өңірлерде айдың соңына дейін кесте бойынша жұмыс жалғасады, - деді спикер.
Оның айтуынша, биылғы жылыту маусымының қорытындылары бойынша технологиялық бұзушылықтар 27%-ға төмендеген. Жылу орталықтарында тозу деңгейі 61%-зға дейін, жылу желілерінде 54-тен 52%-ға дейін төмендеді.
Екібастұз, Риддер қалаларының ЖЭО-ларында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде осы жылу орталықтарының тозу деңгейі 45-50% дейін төмендеді, - деді Энергетика министрлігінің өкілі.
Пікірлер