A+ A A-

talgatzhan 38 17-09-2024, 15:00 0

Бұқтырмаға салынып жатқан көпір ақылы болуы мүмкін

ШҚО / Күршім / Самар / Бүгін

Бұқтырма су қоймасына салынып жатқан көпір ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, Күршім мен Самар аудандарын жалғайтын Бұқтырма су қоймасындағы «Қызыл ту» өткеліне салынып жатқан көпір осы жылдың қазан айының соңында ашылады деп жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта тіректерді салу және аралықтарды орнату жұмыстары толығымен аяқталып, кірме жолдарға асфальт төселуде.
«Көпірмен жүру ақылы болуы мүмкін. Бүгінде бұл мәселе талқыланып жатыр. Нақты шешім әлі қабылданған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Түпкілікті шешім тапсырыс беруші - Автомобиль жолдары комитеті көпірді жергілікті атқарушы органға бергеннен кейін қабылданбақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив