A+ A A-

talgatzhan 19 31-08-2024, 21:56 0

ШҚО-да шахтада 4 адам қаза болды

ШҚО / Басты


Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы «Ертіс» шахтасында 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жазатайым оқиға 31 тамызда сағат 17.30 шамасында KAZ Minerals компаниясына қарасты «Ертіс» шахтасында болған. 

- Бүгін «Шығыстүстімет» ЖШС-нің «Ертіс» шахтасында болған апаттың салдарынан кәсіпорынның екі қызметкері мен мердігер мекеменің екі жұмысшысы қаза болды. Тағы бір жарақат алған қызметкер қазір ауруханада. Бұл отбасы мен туғандары үшін орны толмас қайғы. Марқұмдардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел штаб құрылды. Апаттың себебі болжам бойынша газбен улану. Оқиға орнына тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері жіберілді. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Жағдай менің жеке бақылауымда, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив