A+ A A-

talgatzhan 28 14-10-2024, 18:00 0

Словакия елшілігі Шығыс Қазақстанда жүр

ШҚО / Бүгін

Бүгін Словакия Республикасының Қазақстандағы елшісі Роберт Кирнагпен және Дүниежүзілік банктің Түрікменстандағы және Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневпен кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жүздесуде ынтымақтастықты дамыту тақырыбы сөз болды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп отырған ауыл шаруашылығы саласы да басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылды. 
- Сондай-ақ Катонқарағай мен Зайсан ауданында әуежайлардың бой көтеруі өңірдегі туризм саласының дамуына тың серпін беретіні сөзсіз. Бұдан бөлек, басқа да жобаларды қарастыруға дайынбыз. Көлік және логистика саласы да назардан тыс қалмады, - деді өңір басшысы Ермек Көшербаев.

Бүгінде Шығыс Қазақстан жүк тасымалының транзиттік дәлізі саналады. 
- Сонымен қатар біз кеме қатынасын да қолға алмақпыз. Сондықтан бұл саланың болашағы зор деуге болады. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы портфелі құны төрт миллиард теңгеден асатын сегіз жобадан тұрады. Бұл әрі қарайғы ынтымақтастық үшін қосымша мүмкіндіктер беретінін ерекше атап өткім келеді, - деді облыс әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив