A+ A A-

talgatzhan 33 12-09-2024, 09:50 0

Шығысқазақстандық жігіттер арқан тартыстан көшпенділер ойынының күміс медалін иеленді

Спорт / Бүгін

Жерлестеріміз финалда ресейліктермен күш сынасты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Иә, Ұлттық құрама болса да, ел намысын бірыңғай Шығыс Қазақстан облысының спортшылары қорғады. Келгендердің ішінде осалы жоқ. Пәкістан да, Қырғызстан да, Өзбекстан және тағы басқалары таңдаулы атлеттерін әкеліп, сайысқа қосты. Шыны керек, көп адамның назары осы арқан тартысқа ауған. Жерлестеріміз шешуші сынға дейін сүрінбей, финалда ресейліктермен кім мықтыны анықтады. Олар үш мәрте арқан тартысты. Дегенмен 2:1 есебімен көршілес елден келген спортшылар жеңіске жетті. Жеңімпаз команда 3 млн теңге, шығысқазақстандықтар 1 млн теңге, ал үздік үштікті түйіндеген қырғыз жігіттері 1 млн теңгеге ие болды. 
Шығыс Қазақстан облысының командасы бар болғаны жарты жыл көлемінде осы спорт түрімен айналысып келеді. Соған қарамастан жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. 
Нәзік жандылар да осындай нәтиже көрсетті. Ресей - бірінші, Қазақстан - екінші және Қырғызстан - үшінші орын иеленді.

Фотосурет Артем Супаневтің жеке парақшасынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив