Финалда қырғыз жігіттерімен шеберлік байқасып, соңғы минуттарға дейін бәсеке шиеленіске толы болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алғашқы таймда 1:3 есебімен қырғыздар алда тұрған еді. Екінші таймда Абылайхан Нышанбеков бастаған жігіттер есепті теңестірді. Дегенмен әрі қарай қос тарап алма-кезек салым салып, ойын 4:4 есебімен аяқталды.
Үзілістен кейін «алтын салым» салуға 10 минут уақыт беріліп, отандастырымыз жеңіске жетті. Осылайша, Ұлттық құрама мүшелері Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесін иеленді.
Фотосурет Абылайхан Нышанбековтің жеке парақшасынан
Пікірлер