Жуықта спортшылардың нешінші орында тұрғаны халықаралық дзюдо федерациясының сайтында ұзақ уақыт жаңартылмай тұрған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді мүлде жаңа ақпарат. Аса ауыр салмақтағы спортшылар үздік 30 дзюдошыға да енбеген. Есесіне, 60 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының чемпионы атанған Елдос Сметов бірден 5-ші орынға көтерілді. Жинаған ұпайы - 4970. Бұл салмақта 6132 ұпайы бар тайпейлік Янг Юнг Вей көш бастап тұр.
66 келіге дейінгі салмақта Олимпиада ойындарының қоласын иеленген Ғұсман Қырғызбаев 3336 ұпаймен 12-ші орынға жайғасқан.
Фотосурет Vesti.kz сайтынан
Пікірлер