Үлкен Нарын аудандық соты жеке сот орындаушысының борышкердің жүргізуші куәлігін тоқтату туралы өтініші бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жеке сот орындаушысы өзінің негіздемесінде қазір азамат А.-дан «Берекебанк» АҚ-ға 1 545 679 теңге көлемінде қарызды өндіріп алу туралы атқару парағын өңдеп жатқанын көрсетті. Сот мәліметінше, борышкер атқару парағын орындаудан жалтарып, қарызды өтемей отыр. Сондықтан жеке сот орындаушысы жүргізуші куәлігін жарамсыз ете тұруды сұрады. Сот іс материалдарын қарап, жеке сот орындаушының өтінішін қанағаттандырды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер