Мемлекет басшысы тапсырмасымен былтыр желтоқсан айында Неміс Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған комитеттің араласуымен ірі неміс инвесторына тиесілі компанияны жалған құжаттар арқылы өз атына аударып алған қазақстандық ұсталып, жасалған барлық мәміле заңсыз деп танылды.
Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиевтің мәліметінше, бүгінге дейін 3000-ға жуық инвестордың құқығы қорғалды.
Толығырақ “Ақорда” бағдарламасынан көруге болады.
Іңкәр Аянбергенова
Пікірлер