Тәртіп бұзушы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, 20 жасар астаналық Өскемен кіреберісіндегі демалыс аймағында ерекше сурет жасағысы келген.
- Сол үшін ол «Шешек» декорациясының үстіне шығып, нысанды бүлдірген, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті өкілдері.
Оқиғаға байланысты мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, сондай-ақ ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жазуды бүлдірген жігіт қамауға алынған. Іс әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Пікірлер