Ушанов алаңынан Спорт сарайы аялдамасына дейінгі учаскеде жол жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жоба аясында барлығы 7200 шаршы метр жол жамылғысы жаңартылды.
– Бұл учаске бүгін көлік қозғалысы үшін толығымен қайта ашылады. Қала тұрғындары мен қонақтарына жөндеу жұмыстары кезінде түсіністік танытып, шыдамдылық танытқаны үшін алғыс айтамыз, – деді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдері.
Пікірлер