Риддер қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Қанат Оралбек тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қанат Оралбекұлы «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім алған, философия ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын бұқаралық ақпарат құралдары саласында бастап, ұзақ жылдар бойы газет редакцияларында және теледидарда қызмет атқарған.
Мемлекеттік қызметте Күршім ауданы Жастар ресурстық орталығының директоры, Күршім және Ұлан аудандарының ішкі саясат бөлімдерінің басшысы лауазымдарын атқарды.
Бұған дейін ол «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарды.
Мемлекеттік саясатты іске асыру, қоғамдық коммуникациялар және әлеуметтік-мәдени даму салаларында мол тәжірибеге ие.
Пікірлер