A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:00 0

Биыл елімізде қандай маңызды іс-шаралар өтеді

Бүгін / Республика

Қазақстанда туристерді тартуға арналған 55 ірі іс-шара жоспарланды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— 2025 жылғы желтоқсанда туристерді тартуға бағытталған ірі іс-шаралардың күнтізбесі бекітілді. Бүгінде жоспарланған 55 іс-шараның 17-сі өткізілді. Оларға жалпы келушілер саны 150 мың адамнан асты. Өткізілген іс-шаралардың жоғары ұйымдастыру деңгейін атап өткен жөн. Олардың қатарында Сиверс алмасының гүлдену фестивалі, PGL киберспорттық турнирі және «Тары Фест» этнофестивалі бар. Өңірлердің алдында өткізілетін іс-шаралардың туристік және экономикалық тиімділігін арттыру, сондай-ақ олардың саланы дамытуға қосатын үлесін күшейту міндеті тұр, — деді Е. Мырзабосынов.

Оның айтуынша, осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі — 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтетін «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі. Турнирге әлемнің 50-ден астам елінен шамамен 900 спортшының, халықаралық спорт ұйымдарының, цифрлық индустрия өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және жанкүйерлердің қатысуы жоспарланған.

— Турнир туристер ағынын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ елордадағы қонақүй, көлік және сервистік инфрақұрылымға қосымша сұраныс қалыптастырады. Туроператорлар Ойындарды тамашалау мен елордамыздың мәдени көрікті жерлерін аралауды қамтитын арнайы туристік пакеттер әзірледі. Жарыстар халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Астананың 4 спорт нысанында өтеді. Ашылу салтанаты 2026 жылғы 29 шілдеде «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді, — деді министр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив