Былтыр Қазақстанның ауруханаларына 80 мың шетелдік емделуге келді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— Туризм саласының өсуіне серпін беретін перспективалы бағыттардың бірі — медициналық туризм. Қазақстанның басты артықшылығы — көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімді құнының үйлесуі. Өткен жылы Қазақстан шамамен 80 мың шетелдік пациентті қабылдады, — деді Е. Мырзабосынов.
Оның сөзіне қарағанда, отандық 10 медициналық ұйым халықаралық JCI аккредитациясын алған.
— Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2026–2028 жылдарға арналған медициналық туризмді дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленіп жатыр, — деді министр.
Пікірлер