Биыл жыл басынан бері қазақстандықтар полицияның 102 байланыс нөміріне 4 миллион 117 мыңнан астам өтініш жолдаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Еліміз бойынша күн сайын азаматтардан шамамен 12-15 мың хабарлама түсіп, өңделеді. 102 нөміріне келіп түскен барлық қоңырау ақпараттық жүйеде автоматты түрде тіркеледі. Оларға полицияның кешенді күштері арқылы тиісті шаралар қабылданады. Полиция мәліметінше, бірде-бір хабарлама назардан тыс қалмайды.
Сонымен қатар тұрғындар полицияға хабарласу үшін 102 нөмірінен бөлек, бірнеше арнаны пайдалана алады. Олардың қатарында өтініш қабылдаудың омниканалды жүйесі, "Police 102" мобильді қосымшасы, "SOS" дабыл түймесі және "Заң және тәртіп" сервисі бар.
Бұл құралдар азаматтарға оқиғалар мен құқық бұзушылықтар туралы полицияға жедел хабарлауға мүмкіндік береді. Келіп түскен мәліметтер оқиғаның сипаты мен орнына қарай тиісті бөлімшелерге жолданып, тексеру жүргізіледі.
Фото: nege.kz
Пікірлер