453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығарылмақ

Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығарылмақ [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанда дәрі-дәрмектің 500-ге жуық жаңа түрі шығарылатын болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша фармацевтика нарығының көлемі 1 трлн 285 млрд теңгеге жетіп, екі жыл ішінде 31% өсті. Оның ішінде қазақстандық өндіріс көлемі 37% артты. Оң үрдіс осы жылы да сақталып отыр. 2026 жылдың 8 айында 157 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% жоғары. Соңғы 2 жылда салаға салынған инвестициялар көлемі 3,3 есеге, ал экспорт 1,9 есеге өсті, – деді Ақмарал Әлназарова.

Экспортқа жолданатын негізгі мемлекеттер қатарына Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Молдава кірді.

- 2025 жылы "Химфарм" компаниясы Еуропалық Одақтың GMP сертификатын алып, Еуропа нарығына шықты. Атап айтсақ, 2026 жылдың қыркүйегінде қант диабетін емдеуге арналған дәрілік затының алғашқы партиясы Болгарияға жөнелтілді. Қазақстандық өндірісті одан әрі дамыту және инвестиция тарту мақсатында министрлікпен жалпы сомасы 862 млн доллар болатын 8 инвестициялық жобалар келісім шарттары жасалды. Жобалар аясында 494 дәрілік заттарды өндіруді және 1 200 жұмыс орнын құру көзделген. Оның ішінде алғашқы 300 дәрілік затты 2027–2030 жылдары өндіру жоспарланған, – деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, елдің фармацевтика саласын дамыту 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі – ұзақ мерзімді келісім шарттар жасасу. Екіншісі – мемлекетаралық сатып алулар тетігі. Үшіншісі – сатып алу процестері кезінде қазақстандық өнімдерге жеңілдік беру тәсілі.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив