Өскеменде Oskemen Life 4.0 фестивалі ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын үш музыкалық алаң, би батлдары, караоке және қолөнершілер жәрмеңкесі күтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Фестиваль 14 қараша, сенбі күні әдеттегідей Чехов пен Горький көшелерінің қиылысында өтпек. Бағдарлама барлық жастағы қала тұрғынына арналған. Үш түрлі музыкалық алаңда әр жылдардағы танымал хит әндер шырқалады. Музыкалық сүйемелдеуді үш диджей қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, келушілер интерактивті аймақтарда түрлі ойындарға қатысып, Street Dance Battle мен караоке-батлды тамашалай алады. Сондай-ақ қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Фестиваль алаңдары сағат 12:00-де өз жұмысын бастайды. Мерекелік бағдарлама кешке дейін жалғасады деп жоспарланған.
Пікірлер