453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Өскеменде екі мектеп маңындағы футбол алаңы абаттандырылатын болды

Өскеменде екі мектеп маңындағы футбол алаңы абаттандырылатын болды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қаладағы Потанин көшесі аумағында орын тепкен №10 және №12 мектептері маңында футбол алаңы абаттандырылады. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жұмыс сапары барысында шаһар басшысы аталған аумаққа барып, футбол алаңының қазіргі жағдайымен танысты. Нәтижесінде нысанның мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылдануына қолайсыз екені анықталды. Алаңды абаттандыру жұмыстары келесі жылы басталмақ.
– Футбол алаңы мен оның қоршауын қалпына келтіру қажет. Балалардың сабақ оқып, спортпен шұғылдануына қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау – басты мақсаттарымыздың бірі. Сонымен қатар қаладағы әр мектеп жағдайын саралап, қажетті жөндеу және абаттандыру жұмыстары тізімін дайындаймыз, – деді Алмат Ақышов.
Бұдан бөлек, мектеп аумағына жаңа асфальт төсеу жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив