453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Отандық дәрілердің ішкі нарықтағы үлесі 42%-ға жетті

Отандық дәрілердің ішкі нарықтағы үлесі 42%-ға жетті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова фармацевтика саласында атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, дәріханалар мен дәріхана пункттерінің саны 6%-ға артып, жалпы саны 10 мыңнан асты. Оның 3 мыңнан астамы ауылдық жерлерде.

— Дәріханаларда қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «Дәріханалық тәжірибенің (GPP) стандарттары» енгізілді. Бұл стандарттар дәрі-дәрмектерді сақтау, оларды босату және пациенттерге кеңес беруге қатысты талаптарды белгілейді. Соңғы 2 жылды осы стандарттарға сәйкестігін растайтын дәріханалардың саны 34%-ға артты. Бүгінде еліміздегі әрбір үшінші дәріхана осы стандарттарға сәйкес келеді, — деді министр.

Сонымен қатар, оның сөзінше, фармацевтикалық нарықта дәрілік заттардың түрлерін кеңейту мақсатында тіркеу рәсімдері оңтайландырылып, цифрлық форматқа көшірілді. Нәтижесінде, тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 1 423 атауға артып, олардың саны 22 мыңға жетті.

— 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша дәрі-дәрмек сатылымы, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға өсті. Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде өндірілген қазақстандық дәрілік заттардың көлемі 13%-ға артып, ішкі нарықтағы үлесі 42%-ға жетті, — деді Ақмарал Әлназарова.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив