448.98 502.45 5.45
A+ A A-

Риддерде оқу-жаттығу кешені мен шаңғы трамплиндері салынады

Риддерде оқу-жаттығу кешені мен шаңғы трамплиндері салынады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Болашақта «Матренин Соколок» төбесінде спорттық нысандардың тұтас кешені салынбақ. Бұл туралы қалалық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Алдияр Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, балалар мен жасөспірімдерге арналған шаңғы жарысы мен тау шаңғысы бойынша ұлттық жаттығу орталығын салуға тендер конкурсы өткізілді.
– Нысан Сокол стадионының жанындағы бұрын салынған роликті шаңғы жолының жанында орналасады. Жоба аясында көрерменге арналған трибуналары бар ғимарат пен тау шаңғысы жолын салу көзделіп отыр. Сонымен қатар жарыстарға қатысу үшін келетін спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған қонақүй салу мүмкіндігі де қарастырылуда, - деді бөлім басшысы. 
Бұдан бөлек, жақын маңда шаңғымен тұғырдан секіруге арналған, ұзындығы әртүрлі екі трамплиннен тұратын кешен салу жоспарланып отыр. 
Алдияр Темірбектің сөзінше, қазір жобалау алдындағы құжаттама әзірленіп, бөлінген жер учаскесіне қандай ұзындықтағы спорт нысандарын орналастыруға болатыны анықталуда.
Бастапқыда К-20 және К-40 санатындағы екі трамплин салу жоспарланған болатын. Алайда қазір олардың ұзындығын ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Жобалау жұмыстарын 2027 жылдың мамыр-маусым айларында аяқтау жоспарланған.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив