448.98 502.45 5.45
A+ A A-

ШҚО-да жастардың үздік цифрлық жобалары марапатталды

ШҚО-да жастардың үздік цифрлық жобалары марапатталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Oskemen Hub алаңында Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай жас буынның инновациялық жобалары таныстырылып, үздіктер марапатталды. Іс-шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, IT саласының мамандары, оқушылар, студенттер мен жас өнертапқыштар қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соның барысында өңірдегі цифрлық бастамаларды дамытуға арналған Oskemen Hub жұмысының нәтижелері таныстырылды. Сондай-ақ хакатондар мен инновациялық идеялар байқауларында топ жарған төрт команданың жобасы көпшілік назарына ұсынылды.

Атап айтқанда, YungMobileBrains командасы мектептердегі интернет сапасын бақылау жүйесін әзірлеген. ZeroMuscles жобасы инсульттан кейінгі оңалту процестерін цифрлық технологиялар арқылы қолдауға бағытталған. Ал DataNomads жылжымайтын мүлік нарығындағы хабарландыруларды мониторингтеуге мүмкіндік берсе, Arakis оқытушыларға интерактивті сабақтар әзірлеуге арналған платформа ұсынады.

Нұрымбет Сақтағанов жастардың ізденісі мен технологиялық бастамалары өңірдің дамуына тың серпін беретінін атап өтті.

- Бүгін ұсынылған жобалар жастарымыздың елдегі цифрлық өзгерістерге белсенді қатысып, өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетіп отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл - еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам. Ең бастысы, енгізіліп жатқан технологиялар мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырып, облыс тұрғындарына нақты пайда әкелуі керек, - деді аймақ басшысы.

Шара қорытындысында жеңімпаз командаларға ақшалай сертификаттар табысталды. Бұдан бөлек, өңірдің цифрлық дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері марапатталды. Облыс әкімі жастарды батыл идеялардан қорықпауға, үнемі ізденіп, жаңа білім мен технологияларды меңгеруге шақырды. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив