444.4 488.97 5.39
A+ A A-

Өскеменде өндіріс маңынан өрт шықты

Өскеменде өндіріс маңынан өрт шықты [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ә. Молдағұлова көшесіндегі металл қоймасында өрт шығып, екі тракторға залал келтірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қойма ішінде шиналар, түрлі инвентарлық заттар және арнайы жабдықтар сақталған.
Өрт сөндіру жұмыстары қалың түтін мен қатты жалыннан қиындады. 
- Үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін өрт сөндірушілер жақын маңдағы өрт гидранттарынан су жинауды ұйымдастырып, магистральдық желілерді орнатты. Бөлімшелердің үйлестірілген жұмысының нәтижесінде 70 шаршы метр аумақта өрт сөндірілді, - делінген ресми ақпаратта. 
Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив