ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің араласуынан кейін оптика дүкені сатып алушыға 48 000 теңге қайтарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, қыркүйек айында ер адам қалалық оптикаға көзді тексеру және астигматикалық көзілдірік жасау үшін барған. Қызметің жалпы құны 48 мың теңгеге шықты.
Алайда сатып алушы көзілдірікті пайдаланғаннан кейін оның дұрыс жасалмағанын байқады. Ер адам линзаларды бірнеше рет ауыстырғанымен, мәселе шешілмеді.
Құжаттарды қайта қарау кезінде көзілдіріктің диагностикалау тестінің нәтижелеріне сәйкес келмейтіні анықталды. Қазан айының соңында оптика көзілдіріктің жарамсыз екенін мойындады, бірақ ақшаны қайтарудан бас тартты.
Ер адамның шағымынан кейін департамент мамандары кәсіпкермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде дау сотка жетпей шешілді.
Пікірлер