Облыс орталығында алдағы қыста көктайғақ болмас үшін құм қолданылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, жолдарға, жаяу жүргіншілер өткелдеріне, автобус аялдамаларына, көпірлерге, жол өткелдеріне, пандустарға, қиылыстар мен тротуарларға құм себеді.
Анықталғандай, қысқы жолдарды күтіп ұстауға «Таза Өскемен» кәсіпорны жауапты. Тегістеу жұмыстары ауа райы мен көше жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Компания ТҮКШ бөлімімен келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Жұмыстарға қалалық бюджеттен ақы төленеді.
Өнеркәсіптік тұз бен тұз ерітінділерін пайдалану туралы сұраққа бөлім өкілдері жауап бермеді. Әзірге тек құмға қатысты нақты ақпарат айтылды.
Пікірлер