ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері 3 ақпаннан бастап төмендегі кесте бойынша «Өскемен-Алтай» тұрақты маршруты жаңартылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-Өскемен қаласынан (Мызы көшесіндегі автобекет) шығу уақыты сағат
13-30, 16-30-да;
-Алтай қаласынан (М. Горкий көшесіндегі жолаушыға қызмет көрсету пункті) шығу уақыты сағат 06-30, 10-00-де.
Ересектер үшін жол жүру ақысы - 2700 теңге.
15 жасқа дейінгі балалар үшін толық құнының 50%-ы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар,I топтағы мүгедектер үшін жол жүру ақысы тегін.
Жолаушылар мен жүкті тасымалдау кезінде күтпеген жағдайларды болдырмау үшін қызмет көрсетілетін маршруттарға тиісті рұқсаттары бар тасымалдаушылардың қызметтерін пайдалану ұсынылады.
Пікірлер