A+ A A-

talgatzhan 38 27-02-2025, 16:40 0

Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы

Бүгін / Өзге

Қазіргі қоғамда қылмыстық тергеу жүргізу барысында заңдылық пен әділдікті сақтау адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстан Республикасында қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы азаматтардың құқықтарының кепілдіктері мен мүдделерін қорғаудың маңызды аспектісі болып табылады.

Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу және оңалту мәселесі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 4-тарауында реттелген.

Кім өтемақы ала алады және оның тәртібі қандай?

Егер сіз сот арқылы ақталған болсаңыз немесе сізге қатысты қылмыстық іс оңалту негізінде бойынша (ҚР ҚПК 35-бабының 1-бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер) тоқтатылған болса, сіз зиянды өтеуге құқығыңыз бар.

Ақтау туралы сот шешімін немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны алғаннан кейін, қылмыстық қудалау органы өтемақы алу құқығыңыз туралы сізді хабардар етуге міндетті.

Өтемақы алу құқығына келесі тұлғалар ие:

заңсыз қамауға алынған, тұтқындалған, үй қамаққа алынған, қызметінен уақытша шеттетілген, арнайы медициналық ұйымға орналастырылған, сотталған немесе мәжбүрлі медициналық шаралар қолданылған тұлғалар;

сот арқылы ақталған немесе қылмыстық ісі ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылған тұлғалар;

сот үкімі өзгертілген немесе күшін жойған сотталғандар;

заңсыз тергеу әрекеттеріне ұшыраған тұлғалар.

Өтемақы мөлшері мен мерзімі

Қазақстан Республикасының «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңына сәйкес, жәбірленушілерге төленетін өтемақының мөлшері 30-50 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) аралығында белгіленген.

Зиянды өтеу туралы талап қою мерзімі – хабарлама алған күннен бастап 6 айды құрайды. Егер осы мерзім дәлелді себептермен өткізіліп алынса, ол сот арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. 

Жәбірленуші мүліктік және моральдық залал үшін өтемақы төлеуге, құқықтарды қалпына келтіруге және заңсыз бас бостандығынан айыру үшін өтемақы төлеуге құқылы.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив