A+ A A-

talgatzhan 70 17-04-2025, 17:00 0

ШҚО-ға Сенаторлар кеңесінің мүшелері келді

Бүгін / ШҚО

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшелері іссапармен келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сапардың негізгі мақсаты - ел көлемінде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалармен кеңінен танысу. Сенаторлар кеңесінің мүшелері облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, жергілікті өкілдердің осы бағытта ұсынған ой-пікірлерін, ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында аталған бастаманың нақты орындалу барысы мен тиімділігіне баға беріп, өңір экономикасының даму деңгейі мен әлеуеті де жан-жақты сарапқа салынды. 

- Қандай қиын-қыстау кезең болмасын, экономикасы берік ел ғана өзінің ішкі тұрақтылығын сақтап, даму жолынан жаңылмайды. Бір кездері мектеп түлектерің басым бөлігі заңгер, экономист мамандықтарын таңдап, оқуын бітірген соң мамандығы бойынша еңбек ете алмай қалып жатты. Алайда аталған мамандықтар ел экономикасына тікелей қаржы әкелмейді. Ал нақты өндіріс орындары – зауыттар мен техникалық кәсіпорындар ғана экономиканы алға жылжытып, халықты жұмыспен қамтуға үлкен үлес қосады. Әр өңірде жаңа кәсіпорындар ашу немесе қайта жаңғырту – уақыт талабы. Осы істі жүзеге асыру үшін алдымен білікті, кәсіби жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, осы салаға жастарды тарту бағытында нақты қадамдар жасалуы тиіс, - деді Сенаторлар кеңесінің мүшесі Светлана Жалмағамбетова.

Кеңес мүшесі Қуаныш Сұлтанов жұмысшы мамандығының адам бойында өмірлік тәжірибе жинақтаудағы және табандылық, төзімділік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызына ерекше назар аударды. 

Қазіргі таңда жастарды тек қарапайым насихат жұмыстары арқылы жұмысшы мамандықтарына тарту жеткіліксіз. Бұл бағыттағы құрмет пен қызығушылық ең алдымен отбасыдан басталуы тиіс. Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін арттыру үшін нақты әрі тиімді қадамдар қажет. Мамандық иелерін ынталандырудың бір жолы - оларды түрлі арнайы марапаттау жүйесімен бекіту керек, - деді ол.

Cодан соң Сенаторлар кеңесінің мүшелері Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Лу Бань шеберханасында болды.

Қазіргі уақытта мұнда «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламалары бойынша 400-ге жуық студент пен магистрант білім алуда, олардың қатарында шетелдік студенттер де бар.

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив