Кассациялық соттарды құру - Мемлекет басшысының 2024 жылғы 12 қыркүйек күнгі отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттарды құру маңыздылығын атап өтуіне негізделген, яғни кассациялық соттарды құру сот жүйесіндегі жүктемені азайтуға, сот төрелігінің сапасын арттыруға және азаматтардың сотқа деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Осы орайда, елімізде Астана қаласындаағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш жеке кассациялық сот өз жұмысын бастайды.
Кассациялық соттардың істерді қарау мерзімі 6 айдан аспайды.
Үш дербес кассациялық соттың әрқайсысы өз саласында, яғни қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жоғары инстанция ретінде қызмет етеді.
Қылмыстық кассациялық соттың жұмысы қылмыстық құқықтың тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Азаматтық кассациялық соттың жұмысы азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтық құқықтарды қорғау механизмдерін күшейтуга бағытталған.
Әкімшілік кассациялық соттың жұмысы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Сот жүйесіндегі осы реформаның мақсаты сот төрелігін іске асыру сапасын арттыруға бағытталған еліміздің құқықтық жүйесінжетілдіруге, сот процестерінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болып саналады.
Кассациялық соттардың негізгі міндеті сот шешімдерінің заңдылығын тексеруге, яғни апелляциялық соттардың шешімдерін құқықтық тұрғыдан бағалап, заң талаптарына сай болуын қадағалайды және сот қателіктерін түзетіп, заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы Р.Ахметжанова
Пікірлер