Шекаралық Марқакөл ауылынан облыс орталығына тікелей автобус жолға шықты. Бұл - ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған күрделі мәселенің шешілген сәті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Рүстембек Кемешев, аудандық мәслихат төрағасы Мамырбек Қалелов жолаушыларды құттықтап, ауыл ақсақалдары бата беріп, шашу шашты.
Ауыл тұрғындары үшін бұл — жай ғана автобус емес, үлкен үміт пен өркендеудің бастамасы. Қоғамдық көлік қатынасының жандануы – медицина, білім, сауда, туризм сияқты өмірдің барлық саласына оң әсер етпек.
Ауыл халқы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановқа шын жүректен алғысын білдіруде.
Жаңадан ашылған бағыт ауыл тұрғындарының ғана емес, Марқакөлге бағытталған ішкі туризмді де дамытуға серпін береді деп күтілуде.
Осылайша, ауыл мен қаланың арасы жақындады. Бұл — нақты іспен дәлелденген қамқорлық пен көреген басқарудың айғағы.
Пікірлер