A+ A A-

talgatzhan 38 1-05-2025, 19:30 0

Өскеменде «Достық толқынында – 2025» жастар фестивалі өтті

Бүгін / Өскемен

1 мамыр күні облыс орталығындағы Республика алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Достық толқынында – 2025» атты ауқымды жастар фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Фестиваль қаладағы талантты жастардың бірлігін нығайтып, өнерін ортаға салуға мүмкіндік берді.

- Фестиваль Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып отыр. Шараның басты мақсаты – бірлігі мен ынтымағы жарасқан жастарды көрсету және олардың шығармашылығын қолдау. Алдағы уақытта жастарға арналған іс-шара өткізу өз жалғасын табады, - дейді Өскемен қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Ерболқызы.

Фестивальде көрермендер С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан–Американдық еркін университеті мен колледж студенттерінің өнерін тамашалады.

- Бүгінгі с-шараның маңызы жоғары. Мәселен, Өскемендей шырайлы қаламызда нағыз талантты жастардың бар екенін көрсету. Өзіме ерекше ұнап жатыр, - деді Нұрсұлтан Шәкеров.

Концерттік бағдарлама соңында белсенді студенттерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив