Катонқарағай ауданында көрнекті жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойына орай "Этнокуиз" танымдық- зияткерлік сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараның негізгі мақсаты – қаламгердің шығармашылығын ұлықтау, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру.
Зияткерлік сайысқа өңірдің әр түкпірінен келген командалар қатысып, білім мен тапқырлықтарын ортаға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша жоғары білім мен тапқырлық танытқан "Арайлы Катонқарағай" тобы 1-орынды иеленді. Өскемен қаласынан келген "Бұқар жырау" тобы 2-орынды қанжығасына байласа, Самар ауданынан келген команда 3-орынға тұрақтады.
Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай жүлделер табысталды.
Пікірлер