A+ A A-

talgatzhan 32 26-05-2025, 10:35 0

Катонқарағай ауданында жаңа демалыс орны ашылуда

Бүгін / Катонқарағай

Ауыл туризмін дамыту – елдің экономикалық әлеуетін арттырудағы маңызды бағыттардың бірі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«AMANAT» партиясы «Ауыл Аманаты» бағдарламасының шапағатын көріп, туған ауылында кәсіп бастаған азаматтардың саны артуда. Солардың бірі – Катонқарағай ауданының тұрғыны Тунгат Игманов. 

- «Ауыл Аманаты – менің арманымның бастауы болды. Осы бағдарлама арқылы 2,5% жеңілдетілген мөлшерлемемен 9,2 миллион теңге көлемінде несие алып, туған өлкемде кәсіп бастауға шешім қабылдадым. Қазір шағын демалыс үйінің негізгі құрылысы аяқталып, алғашқы қонақтарды 25 мамыр күні қабылдауға дайындалып жатырмыз, – дейді кәсіпкер.

Катонқарағайдың көркем табиғатында салынған бұл қонақүйде жайлы әрі заманауи бөлмелер, жылыту жүйесімен жабдықталған монша, қажетті жиһаздар мен тұрмыстық техника, ең бастысы – табиғи тыныштық пен саф ауа бар.

Қонақтарға ұсынылатын қызметтер: атпен серуендеу, шөп буымен денені тазарту, массаж, фитотерапия, бу мен емдік шөп қоспасымен монша рәсімі.

Демалыс орны аумағындағы киіз үйде қымыз ұсынылады, ұлттық тағамдар әзірленеді, қонақтар қазақтың дәстүрімен танысып, ұлттық нақыштағы қызметке куә бола алады.

- Катонқарағайдың сұлу табиғатын елге кеңінен танытқым келеді. Қонақтар демалып қана қоймай, қазақтың дәстүрі мен тағамдарынан ләззат алып, ауыл туризмінің әлеуетін сезінуі тиіс. Бұл – менің бала кезгі арманым еді. Қазір оны жүзеге асырып жатырмын. Ауылда отырып-ақ кәсіп ашуға, туған жердің дамуына үлес қосуға болады, – дейді кәсіпкер Тунғат Игманов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив