A+ A A-

talgatzhan 34 11-09-2025, 15:30 0

Өскеменде заңсыз қарасора өсірген ер адам анықталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

«Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында үйде есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тінту барысында 58 жастағы қала тұрғынының үйінен жарықтандыру мен желдету жүйесі орнатылған «гроубокс», ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдіктері бар ыдыстар табылды. Сараптама олардың құрамында психоактивті компонент – дельта-9-тетрагидроканнабинолы бар қарасора екенін анықтады. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 570,55 граммды құрады.

Күдікті тұқымды интернет арқылы сатып алып, жеке мақсатта тұтыну үшін өсіргенін түсіндірді.

Аталған факті бойынша «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы ретте ШҚО Полиция департаменті есірткілік өсімдіктерді өсіру мен сақтау  қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив