A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 12:40 0

Өскеменде есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен ағайындылар ұсталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Өскемен қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобы өңір прокуратурасының үйлестіруімен облыс орталығының 21 және 23 жастағы екі тұрғынын – туған ағайындыларды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеке тінту барысында 21 жастағы азаматтан жалпы салмағы 18,32 грамм болатын "альфа-PVP" психотроптық заты салынған 24 орам, ал 23 жастағы азаматтан салмағы 19,02 грамм болатын дәл осындай зат салынған 25 орам табылып, тәркіленді. 

Тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, ағайындылардың үлкені биыл тамыз айының басында мессенджер арқылы "қоймашы-курьер" қызметіне орналасқан. Әр жасырған "қоймасы" үшін оған 2750 теңге көлемінде сыйақы төлеуге уәде етілген. Ол бір күннің ішінде 50-ден астам "қойма" жасап үлгерген. Алайда куратордың уәдесіне қарамастан, ешқандай төлем алмаған. Ал оның 21 жастағы інісі ағасының өтініші бойынша орамаларды жасырғанын айтып, олардың ішінде есірткі барын білмегенін алға тартқан. Ұсталғаннан кейін полицейлер жасырын орындарды анықтап, барлық "қоймалар" заңсыз айналымнан алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив