A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 12:30 0

Өскемен тұрғыны алаяққа сеніп, 23 млн теңгесінен айырылып қалды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, дүкені бар жеке кәсіпкер алаяқтық жөнінде полицияға арызданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, жазда дүкенге бейтаныс әйел келіп, қаржы мәселелерін шешуге және бизнесті дамытуға көмектесетінін айтқан. Ол жалған бизнес-жоспарын көрсетіп, кәсіпкердің сеніміне кірген.

Екі айдың ішінде алаяқ әртүрлі сылтаулармен несие рәсімдеу үшін жәбірленушіден 23 млн теңге алған. Бұдан бөлек, пайызбен қарызға ақша алып, қолхаттар жазып беріп отырған. Алайда тамыз айының соңына дейін қаражатты қайтарамын деген уәдесін орындамаған.

Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив