A+ A A-

talgatzhan 37 14-10-2024, 17:30 0

Бұқтырма су қоймасына cалынып жатқан көпір сынақтан өткізілді

Бүгін / ШҚО

Бұқтырма су қоймасында Президент тапсырмасымен Қазақстандағы ең ұзын көпір салынып жатыр. Оның ұзындығы 1316 метрді құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.
«Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады. Екі жолақты көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет», - деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінен.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив