Алтай ауданының әкімдігі құрылыс аумағында жарылыс дыбыстары естілуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-15 қазан күні сағат 15:00-17:00 аралығында республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары (56-72 км) автожолын жөндеу бойынша жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Азаматтардан сабырлық танытып, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз, - делінген мәліметте.
Пікірлер