A+ A A-

talgatzhan 30 15-10-2024, 09:29 0

Риддерде алимент төлемеген әйел сотталды

Бүгін / ШҚО / Риддер

Риддер қаласының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 


-31 жастағы Риддер қаласының тұрғынына алимент төлемегені үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Сотталушы пробация қызметінің есебіне келмеген және тексеру кезінде тұрғылықты жерінде болмаған. Сондықтан бас бостандығын шектеу жазасы бір жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды, - деп мәлімдеді полиция.

Полицейлер сотталушының түсініктемесін де жариялады. Әйел күйеуі екеуінің бұрын ата-ана құқығынан айырылғанын айтқан.

Әйел жазасын Абай ауданындағы колонияда өтейтін болды. Қазір мекеме қызметкерлері оған түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив