A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 10:30 0

Өскеменде мешіттен ноутбук ұрланды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Өскемендегі мешіттердің бірінен «102» арнасына 400 мың теңге тұратын «Asus» ноутбугінің жоғалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жедел іздестіру шаралары барысында ұрлық жасағаны үшін тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстың ашылуына қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологияларын қолдану ықпал етті.

Сонымен қатар оның басқа бір мешітте жасалған осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Барлық жағдайда күдікті тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерден ұрлық жасаған. Кейіннен ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив