ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, Бозанбай ауылындағы шаруа қожалығының екі жұмысшысы қой жаюға шыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қатты боран мен жолдың көрінбеуінен ер адамдар кері қайта алмаған.
Бірнеше сағаттан олардың бірі қайта оралды. Ал екіншісін іздеу жұмыстары жедел түрде ұйымдастырылды.
- Бүгін 1971 жылы туған шопан Қызылсу учаскесіндегі шаруа қожалығының маңынан табылды. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізді. Ер адамға медициналық көмек қажет болмады, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер