452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Өскемендегі қан орталығында Ашық есік күні өтеді

Өскемендегі қан орталығында Ашық есік күні өтеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

13 ақпан сағат 08:30-да Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оған ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мамандары және қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары қатысады.

Іс-шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жариялаған тегін донорлық қан айлығы аясында өтеді. 

Мақсаты — денсаулық сақтау саласының жетекшілерін орталық жұмысы, қан алу және қауіпсіздік шараларымен таныстыру, қоғамда донорлық мәдениетті насихаттау.

Бағдарлама бойынша қан орталығына экскурсия мен қан тапсыруға қатысу жоспарланған. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив