A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 14:00 0

700 мың тоннаға дейін дизель отыны тапшылығы бар — ЭМ

Бүгін / Республика

Елімізде 700 мың тоннаға дейін дизель отыны тапшылығы бар. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Дизель отынының тапшылығы жұмыс істеп тұрған зауыттардың қуатын арттыру және төртінші мұнай өңдеу зауытын салу есебінен шешіледі. Дегенмен, қазіргі дизель отыны тапшылығының негізгі себебі — бағасының көршілес елдермен салыстырғанда төмендігі. Кеден одағына байланысты көрші мемлекеттерден автокөліктер келіп, жанар-жағармай бекеттерінен дизель отынын құйып әкетіп жатыр. Сондықтан қазіргі ең бірінші бағыт — дизель отыны өндірісін арттыру. 1932 жылға дейін үш зауытымыз жаңғыртудан өтіп, жаңа зауыт салынғаннан кейін мәселе толық шешіледі, — деді вице-министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта елімізде 650-700 мың дизель отыны тапшы. Бұл көлем көрші елдерден әкелінбек.

— Дизель мен авиаотын бір фракциядан өндіріледі. Сондықтан дизель өндіруді арттырсақ, авиаотын өндіруді төмендету қажет болады. Бірақ, біз 50/50 ұстап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, дизель отыны көктемгі және күзгі ауыл шаруашылығы науқанында, Қазақстан темір жолында, транзиттік автокөліктерде пайдаланылады, — деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив