A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:00 0

Kaspi Gold 10 000 теңге бола ма? Банк тарифтер туралы мәлімдеме жасады

Бүгін / Республика

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Kaspi.kz сервисінің тарифтері, соның ішінде Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету құны күрт өседі деген ақпарат тарай бастады. Осыған байланысты компанияның баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Банк өкілдерінің мәліметінше, клиенттер мен серіктестер үшін тарифтер мен қызмет көрсету шарттары өзгеріссіз қалды. Тараған ақпарат жаңартылған тарифтерге қатысты заңдық құжатты қате түсіндіруден пайда болған.

Интернетте Kaspi.kz тарифтері өзгерді деген ақпарат тарады – Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсетуі мен қайта шығару құны, Kaspi Pay шарттары және басқа банктердің карталарына аударым жасаудағы комиссия туралы. Бұған тарифтер көрсетілген жаңартылған заңдық құжаттағы шекті мәндердің Қазақстан заңнамасына сәйкес берілуі себеп болған, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Компания сондай-ақ нақты өзгерістер болған жағдайда клиенттерге бұл туралы әрдайым алдын ала және ашық түрде хабар берілетінін атап өтті.

Егер қандай да бір өзгерістер болса, біз бұл туралы әрдайым алдын ала және ашық түрде хабарлаймыз, - деді банк өкілдері.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 31 наурыздан бастап Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету ақысы 1 995 теңгеден 10 000 теңгеге дейін өседі, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шотты жүргізу тарифтері қымбаттайды деген ақпарат тараған. Сонымен қатар балаларға арналған Kaspi Gold картасының жылдық қызметі, карта жоғалған немесе бүлінген жағдайда қайта шығару, картаны бұғаттау және бұғаттан шығару үшін де 10 000 теңге төлеу қажет болады деген мәліметтер айтылған. Компания бұл ақпаратты растаған жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив