A+ A A-

talgatzhan 52 Бүгін, 15:05 0

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін / ШҚО

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Фракция мүшелері жаңа Конституция жобасына қатысты пікірлерін білдірді. Жиынның негізгі мақсаты – ел дамуының жаңа кезеңіндегі стратегиялық құжатты жан-жақты саралап, депутаттық корпус тарапынан нақты ұсыныстар енгізу.

— Жаңа заң жобасы – ел болашағына бағытталған маңызды құжат. Біз әрбір норманы терең талқылап, халық мүддесін бірінші орынға қоюымыз қажет, – деді фракция жетекшісі Тұрарбек Азекенов.

Жиынға қатысқан депутаттар стратегиялық маңызы бар құжаттың негізгі бағыттарына тоқталып, елдің саяси жүйесін одан әрі жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мәселелері төңірегінде өз пікірлерін білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив